Жыл басынан бері экспорт 5,1% өсіп, импорт 3,3% түсті

Жыл басынан бері экспорт 5,1% өсіп, импорт 3,3% түсті

2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 116,8 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 1,5% артық.

Экспорт көлемі 68,4 млрд долларды (номиналды мәнде 5,1% көп) құрады. Ал тауар импорты 48,4 млрд долларды (номиналды мәнде 3,3% аз) құрады.

Импорт бойынша негізгі серіктес елдер:

  • Ресей – 14,3 млрд доллар;
  • Қытай – 12,3 млрд доллар;
  • Германия – 2,3 млрд доллар;
  • АҚШ – 1,8 млрд доллар;
  • Франция – 1,5 млрд доллар.

Экспорт бойынша негізгі серіктес елдер:

  • Италия – 16,4 млрд доллар;
  • Қытай – 12,2 млрд доллар;
  • Ресей – 7,5 млрд доллар;
  • Нидерланд – 4,4 млрд доллар;
  • Франция – 3,2 млрд доллар.