Жыл басынан бері бизнеске 3,5 трлн теңге берілді

Жыл басынан бері бизнеске 3,5 трлн теңге берілді

Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканы қаржыландыру туралы айтты.

2025 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша «Бәйтерек» холдингі кәсіпкерлерге 3,5 трлн теңгеге қолдау көрсеткенін, оның 1,75 трлн теңгесі – ШОБ субъектілеріне, 657,5 млрд теңгесі АӨК-ке тиесілі. Ірі бизнес 1,38 трлн теңгеге, экспорттаушылар – 394 млрд теңгеге қолдау алды. Субсидиялардан кепілдіктерге көшу шеңберінде «Даму» қорының базасында 7 млрд теңгеге дейінгі ШОБ жобалары және 7 млрд теңгеден астам ірі жобалар үшін кепілдік қорлары құрылды.

Банк өтімділігін тарту үшін «Бәйтерек» холдингінің, Экономика министрлігінің, Ұлттық банктің, ҚҚҚ және ҚНРДА қатысуымен жобалық кеңсе құрылды. Синдикатталған қаржыландыру арқылы 9,1 трлн теңгені құрайтын 19 жоба мақұлданды.

«Бизнестің хабардарлығын арттыру мақсатында «Бизнестің цифрлық картасы» жобасы жүзеге асырылуда. 100-ден астам қолдау шаралары бар Тізілім бекітілді. “Бәйтерек” холдингіне қолдау көрсету шараларын қамтитын Bgov ақпараттық жүйесін 71 мың пайдаланушы 2,3 млн рет пайдаланған eGov Business қосымшасымен интеграциялау аяқталды», — деп толықтырды Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар, Өрлеу бағдарламасы бойынша 1 тамызда 288,3 млрд теңгеге 2 048 жоба субсидияланғанын, 61 млрд теңгеге 737 жоба кепілдік алғанын хабарлады. 9 мыңға жуық кәсіпкер оқудан өткен. 2025 жылы ШОБ-ты қолдауға 271,1 млрд теңге бағытталады.

«12,6% мөлшерлемемен Өрлеу жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Жалпы қолдау көлемі – 750 млрд теңге. 200 млрд теңгеге 394 жоба қаржыландырылды», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Президент тапсырмаларын орындау: алғаш рет 2025 жылғы егіс және жиын-терім жұмыстарына рекордтық 700 млрд теңге бөлінді.

«Жыл сайын егіс және жиын-терім жұмыстарына арналған айналым қаражаты 5%-дық жеңілдікті мөлшерлемемен қаржыландырылады. Алғаш рет 2025 жылғы егіс алқаптары жұмыстарына рекордтық 700 млрд теңге және отандық ауыл шаруашылығы техникасы лизингіне 250 млрд теңге бөлінді, егіс жұмыстарын қаржыландыру өткен жылдың қараша айында басталды», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.