2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банк секторының активтері көбінесе банктердің несие портфелінің 33,8 трлн теңгеге дейін 1,2% және өтімділігі жоғары активтерінің 17,7 трлн теңгеге 0,3% (жиынтық активтердің 30,3%-ы) өсуі есебінен биыл қазанда 0,6% немесе 345 млрд теңгеге ұлғайып, 58,5 трлн теңге болды (2024 жылдың басынан 13,6% немесе 7,0 трлн теңгеге өсім).
Банк секторының міндеттемелері 2024 жылғы қазанда негізінен заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдарының өсуі есебінен 0,3%, 50,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 12,2% немесе 5,4 трлн теңгеге өсім). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымында негізінен банктердің жиынтық міндеттемелерінің 78,6%-ын немесе 39,3 трлн теңгені құрайтын клиенттердің салымдары бар.
Банктердің меншікті капиталы 2024 жылғы қазанда 2,4%, 8,4 трлн теңгеге дейін негізінен қарыздар мен бағалы қағаздар бойынша пайыздық кірістердің, сондай-ақ дилингтік операциялар бойынша кірістердің ұлғаюы есебінен бөлінбеген таза пайданың ұлғаюы нәтижесінде ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 23,1% немесе 1,6 трлн теңгеге өсу). 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 20,4% (01.01.2024 ж. – 19,2%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 22,3% (01.01.2024 ж. - 21,5%) құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2024 жылғы қаңтар-қазанда банктердің таза пайдасы 2,1 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,2% артық. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 4,6%-ды (01.10.2023ж. – 4,6%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 33,3%-ды (01.11.2023ж. – 36,2%) құрады.