Жеке меншік ұшақ пен яхтаға қанша салық төленеді?

Жеке меншік ұшақ пен яхтаға қанша салық төленеді?

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық кодексінде қабылданған қымбат тауарларға салынатын салық мөлшерлемелерін нақтылады:

  • Құны 18 000 АЕК (70,7 млн теңге) және одан жоғары көлік құралдары – құнының 10%-ы мөлшерінде акцизбен салық салынады;
  • Құны 24 000 АЕК (94,3 млн теңге) және одан жоғары яхталар мен ұшақтарда  10% акциз;
  • Құны 500 000 теңгеден жоғары алкоголь – 1 литріне теңге түрінде көрсетілген құнының 10%-ы мөлшерінде акциз;
  • Құны 10 000 теңгеден жоғары темекі өнімдері (сигаралар) – бір данаға теңге түріндегі құнының 10%-ы;
  • Бір тұлғаға тиесілі жалпы құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік – 2% мөлшерлемемен салық салынады (минимум 2 946 600 теңге + 2%).

Жылжымайтын мүлік нысандарының құнын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы есептейді, деп еске салды комитет. Әдетте, бұл құн нарықтық бағадан айтарлықтай төмен есептеледі. Тұрғын және саяжай нысандарын бағалау кезінде «сән-салтанат коэффициенті» 1-ге тең деп алынады. Алайда, мәслихаттар бұл коэффициентті арттыруға құқылы.