Жарты жылда Қазпошта 2,9 млрд теңге шығынға ұшырады

Жарты жылда Қазпошта 2,9 млрд теңге шығынға ұшырады

«Самұрық-Қазынаға» тиесілі «Қазпошта» 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 2,9 млрд теңге көлемінде таза шығынға ұшырады. Бұл туралы AIX биржасында жарияланған шоғырландырылған есепте айтылған.

Ал 2024 жылдың алғашқы жартысында компания акционерлеріне 731,1 млн теңге пайда әкелген. Осылайша, жылдық есеппен көрсеткіш 3,6 млрд теңгеден астамға төмендеді.

Компанияның шығынға ұшырауына қаржылық шығынның айтарлықтай өсуі әсер етті: ол 4 есеге жуық, яғни 19,4 млрд теңгеге артып, 26 млрд теңгеге жеткен. Бұл өсімді қаржылық кірістердің (9,9 млрд теңгеге) және кірістің (6,4 млрд теңгеге) өсуі толық жаба алмады.

2025 жылдың алты айында «Қазпоштаның» активі 41,5% өсіп, 570,2 млрд теңгені құрады. Міндеттемелері 46,8% артып, 533,8 млрд теңгеге жетті.

2025 жылғы мамырда «Қазпошта» акционерлерінің жалпы жиналысының қорытындысы бойынша 2024 қаржы жылы үшін дивиденд төлеуден бас тартты. Есепті кезеңдегі 2,2 млрд теңге көлеміндегі таза пайданы компанияның өз қарамағында қалдыру жөнінде шешім қабылданды.