Жарты жылда 2,1 трлн теңгенің ауыл шаруашылық өнімі шығарылды

Жарты жылда 2,1 трлн теңгенің ауыл шаруашылық өнімі шығарылды

2023 жылдың бірінші жарты жылының қорытындысы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,2% ұлғайып, 2,1 трлн теңгені құрады.

Өсім негізінен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің 3,3% ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Қазақстанда ет 4,5% артық (тірі салмақта 1 млн тонна) және сүт 2,9% артық (3,2 млн тонна) өндіріле бастады.

Жыл басынан бері елімізде мал басы мен құс санының өсуі байқалады. Мәселен, ІҚМ саны 3,7% артып, 10,3 млн басты, қой мен ешкі 3,4% көбейіп, 27,4 млн басқа, жылқы басы 8,4% өсіп, 4,4 млн басқа жетсе,  құс саны 1,2% артып, 49,9 млн басқа дейін өсті.  

79,3 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығының өнімі өндірілді. Аталған кезеңде елдегі азық-түлік өндірісі ақшалай баламада 5,3% өсті немесе 1,5 трлн теңгені құрады.

Сонымен қатар, көкөніс консервілерін шығару көлемі 21,1% (8,1 мың тоннадан 9,8 мың тоннаға дейін), сары май 18,2% (12,4 мың тоннадан 14,6 мың тоннаға дейін), өсімдік майы 7,6% (315,9 мың тоннадан 339,7 мың тоннаға дейін), қант 5,7% (148,9 мың тоннадан 157,5 мың тоннаға дейін), шұжық өнімдері 4,9% (30,6 мың тоннадан 32,1 мың тоннаға дейін), өңделген сүт 3,3% (287 мың тоннадан 296,6 мың тоннаға дейін), ұн 0,4% (1 604,1 мың тоннадан 1 610,3 мың тоннаға дейін) өсті.

Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісінің негізгі капиталына инвестиция ағынының тұрақты үрдісі сақталып отыр.

Ауыл шаруашылығына салынған капитал көлемі 22,1% ұлғайып, 432,8 млрд теңгені құрады, тамақ өнімдерін өндіруге құйылған қаржы 13,4% артып, 62,5 млрд теңгеге жетті.

5 айда АӨК өнімінің экспорты 2,3 млрд долларды құрады, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6% артық. Сондай-ақ экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 40%-ды құрады.