2025 жылдың 3 қыркүйегінде Astana Finance Days аясында ITS халықаралық сауда алаңы және ITS IDEAS инвестициялық талдау қызметі ұйымдастырған «ITS IDEAS 2025: жаһандық нарықтағы инвестициялық мүмкіндіктер мен сын-қатерлер» атты екінші жыл сайынғы конференциясы өтеді.
Іс-шара инвестициялар нарығын өзгертетін практиктер мен сарапшыларды: ең ірі брокерлер мен басқарушы компаниялардың өкілдерін, аналитиктерді, қаржы кеңесшілерін және сала жетекшілерін жинайды. Спикерлер қатарында ITS компаниясының бас атқарушы директоры Шыңғыс Қанапиянов, Freedom Holding Corp. компаниясының бас директоры Тимур Турлов, Экономикалық зерттеулер институтының басшысы Әсел Сәрсенбаева және Astana Hub резиденті Zerocoder компаниясының басшысы, жасанды интеллект саласының сарапшысы Кирилл Пшинник бар.
Дискуссия жаһандық макроэкономикалық қозғаушы күштерді талдаудан басталады: 2025 жылы әлемдік құбылмалылыққа қандай факторлар ықпал етеді, түрлі құзыреттегі инвестициялық банктер мен брокерлердің стратегиясына не әсер етеді, жаңа ережелер мен геосаясат қаржы ағындарының траекториясын қалай өзгертеді. Спикерлер тарифтік соғыстар мен әр елдің ақша-несие саясатының қор нарықтарына ықпалын, сондай-ақ жасанды интеллекттің қарқынды дамуынан туындап жатқан сын-қатерлерді талқылайды.
Арнайы қонақ ретінде сингапурлық Alpha Alternatives басқарушы компаниясының бас директоры әрі инвестициялар жөніндегі директоры Прашант Котари шақырылады. Ол инвестициялар саласындағы 30 жылдан астам тәжірибесімен бөлісіп, үнді капитал нарығының перспективалары туралы әңгімелейді.
Halyk Finance, BCC Invest, Сентрас Секьюритиз және Freedom Finance Global талдаушылары нарықтағы турбуленттілік жағдайында активтерді таңдау стратегияларын ұсынады, АҚШ қарыз нарығының ықпалын талқылайды және әртүрлі елдердің нарықтарына салыстырмалы талдау жасайды.
Жеке сессия қазақстандық инвесторлардың мінез-құлқына арналады. Қаржы кеңесшісі және PhD дәрежесіне үміткер Күнекей Нұрлан бөлшек нарық қатысушыларының мотивациясы мен қалауларына қатысты зерттеу нәтижелерін таныстырады.
Бағдарламаның маңызды бөлігі исламдық қаржыға арналмақ: Исламдық қаржы институттарын аудиттеу ұйымының (AAOIFI) жетекші экономисі Ибрагим Исса халал инвестицияларының трансформациясы және олардың жаһандық экономикадағы маңызы туралы баяндайды.
Конференция «Retail Revolution: қатысушылар мен инфлюенсерлердің диалогы» атты практикалық сессиямен түйінделеді. Брокерлер мен пікір көшбасшылары жекелеген инвесторлардың, инфлюенсерлердің және digital-коммуникацияның өсіп келе жатқан рөлін талқылайды, инвестицияға арналған нарықтарды таңдау мәселесін қарастырады, сондай-ақ тұтынушыларды тарту бойынша ынтымақтастық кейстерімен бөлісіп, алдын ала және трансляция барысында қойылған сұрақтарға жауап береді.
Конференцияға қатысу тегін, сонымен қатар барлық қатысушылар үшін ITS IDEAS инвестициялық идеялар сервисі бір жылға қолжетімді болады. conference.its-ideas.kz сілтемесі арқылы тіркеліп, халықаралық қаржы нарығының қызықты әлеміне YouTube -тегі конференция парақшасы және ITS Telegram-арнасы арқылы қосылыңыз.
ITS – халықаралық өтімділік хабы. ITS бизнес моделінің негізінде жатқан best execution қағидасы мен smart order routing өтімділікті қамтамасыз ету технологиясы инвесторларға жаһандық қаржы нарығындағы ең жақсы бағамен және кез келген көлемде бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. Осы технологияның арқасында ITS алаңындағы шетелдік бағалы қағаздар бойынша өтімділік осы бағалы қағаздар саудаланатын жетекші халықаралық алаңдардағымен бірдей.
ITS Central Securities Depository Limited – ITS орталық депозитарийі бағалы қағаздарды сақтау және онымен есеп айырысу бойынша депозитарлық қызмет көрсетеді. Депозитарий АҚШ салық қызметінен Ұстап тұратын білікті делдал (Qualified Intermediary with primary withholding responsibility, WQI) мәртебесін алды.
Central Counterparty – ITS негізгі контрагенті клирингке қатысушылардың барлық міндеттемелері бойынша бір тарап болып табылады және ITS сауда-саттық алаңында жасалатын мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асырады.
ITS алаңының тікелей клиенттері Қазақстан мен басқа елдердің бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылары – АХҚО-да аккредиттелген, сол сияқты тікелей тіркелген қаржылық делдалдар болып табылады. Инвесторлар – жеке және заңды тұлғалар сауда-саттыққа қаржы делдалдары – брокерлер мен банктер арқылы шығады.