ITS биржасына тағы 28 жаңа қаржы құралы енді

ITS биржасына тағы 28 жаңа қаржы құралы енді

ITS халықаралық сауда алаңы инвестициялық шешімдердің ұсынысын дәйекті түрде кеңейтуді жалғастыруда. 2025 жылғы 8 шілдеден бастап инвесторлар үшін АҚШ нарығындағы 28 жаңа құрал қолжетімді болмақ – бұл биржалық қорлардың бағалы қағаздары мен жария компаниялардың акциялары, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

  • Graniteshares 2x Long AMD Daily ETF (тикер: AMDL) – биржалық қор, AMD акцияларының күндік бағасының екі есе өзгерісін көрсетеді
  • SailPoint, Inc. (SAIL) – цифрлық сәйкестікті басқару бойынша маманданған киберқауіпсіздік саласындағы компания
  • Global X Cybersecurity ETF (BUG) – жетекші киберқауіпсіздік компанияларына инвестициялайтын биржалық қор
  • Amplify Cybersecurity ETF (HACK) – киберқауіпсіздік секторына шоғырланған биржалық қор
  • MINISO Group Holding Limited (MNSO) – күнделікті тұтыну тауарларына арналған қытайлық бөлшек сауда желісі
  • Globalstar, Inc. (GSAT) – жерсеріктік байланыс провайдері
  • Select STOXX Europe Aerospace & Defense ETF (EUAD) – еуропалық аэроғарыш және қорғаныс компанияларын қамтитын ETF
  • Rigetti Computing, Inc. (RGTI) – кванттық есептеу технологияларын әзірлеуші
  • Standard Lithium Ltd. (SLI) – Солтүстік Америкадағы литий жобаларын әзірлеуші
  • Douglas Elliman Inc. (DOUG) – америкалық жылжымайтын мүлік агенттігі
  • Global X Artificial Intelligence & Technology ETF (AIQ) – жасанды интеллект пен озық технологияларға маманданған компанияларға инвестиция жасайтын ETF
  • Schwab U.S. Aggregate Bond ETF (SCHZ) – АҚШ облигациялары нарығын кеңінен қамтитын ETF
  • Nutex Health Inc. (NUTX) – амбулаторлық медициналық қызметтерді ұсынатын компания
  • First Trust NASDAQ Clean Edge Smart Grid ETF (GRID) – «ақылды» энергетикалық инфрақұрылымға инвестициялайтын ETF
  • Neos S&P 500 High Income ETF (SPYI) – S&P 500 индексінің акциялары мен сол индекс бойынша колл-опциондар арқылы кіріс алуға бағытталған ETF
  • Neos Nasdaq-100 High Income ETF (QQQI) – Nasdaq-100 индексінің акциялары мен осы индекс бойынша колл-опциондарға инвестиция жасайтын ETF
  • VistaShares Target 15 Berkshire Select Income ETF (OMAH) – тұрақты табысқа бағытталған биржалық қор, Berkshire Hathaway философиясымен байланысты
  • Vanguard Short-Term Treasury ETF (VGSH) – АҚШ-тың қысқа мерзімді қазынашылық облигацияларына инвестиция жасайтын ETF
  • VanEck Digital Transformation ETF (DAPP) – цифрлық трансформациямен айналысатын компанияларға бағытталған биржалық қор
  • Vanguard Russell 3000 ETF (VTHR) – америкалық акциялар нарығын кеңінен қамтитын ETF
  • iShares Russell 3000 ETF (IWV) – Russell 3000 индексін бақылайтын iShares қорынан балама биржалық қор
  • VanEck Uranium and Nuclear ETF (NLR) – ядролық энергетика мен уран өндіру салаларына инвестициялайтын ETF
  • iShares U.S. Insurance ETF (IAK) – АҚШ-тың сақтандыру секторын бақылайтын биржалық қор
  • iShares Treasury Floating Rate Bond ETF (TFLO) – өзгермелі пайыздық мөлшерлемесі бар облигацияларға инвестициялайтын ETF
  • Quantum-Si Incorporated (QSI) – биотехнология саласындағы компания
  • Goldman Sachs Access Treasury 0-1 Year ETF (GBIL) – АҚШ-тың қысқа мерзімді қазынашылық облигацияларына бағытталған ETF
  • SPDR Dow Jones International Real Estate ETF (RWX) – халықаралық жылжымайтын мүлік секторындағы компанияларға инвестициялайтын биржалық фонд
  • Nordic American Tankers Limited (NAT) – мұнай тасымалымен айналысатын кеме қатынасы компаниясы

ITS платформасында 299 ETF-ті қоса алғанда, 3000-нан астам халықаралық бағалы қағаз қолжетімді. Бұл бағалы қағаздар әлемдік экономиканың негізгі салаларын қамтитын Dow Jones Industrial Average, Nasdaq-100 және S&P 500 сияқты ірі әлемдік индекстерге енеді.

ITS-дегі сауда сессиясының ұзақтығы – шамамен 18 сағат: Астана уақыты бойынша таңғы 10:00-ден келесі күнгі 03:45-ке дейін. Мұндай ұзақ сауда уақыты инвесторларға корпоративтік және экономикалық оқиғаларға жедел әрекет ете отырып, инвестициялық портфельдерін тиімді басқаруға мүмкіндік береді.