2024 жылғы IV тоқсанында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ірі, орта және шағын кәсіпорындардың өндірілген өнімінің, орындалған жұмыстарының және көрсетілген қызметтерінің көлемі 36,1 трлн теңгені құрады.
2024 жылғы IV тоқсанында 100 адамнан астам жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындардың саны 4049 бірлікті құрады және оның ішінде 2521 орта кәсіпорын болып табылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық субъектілерінің сальдолық қаржылық нәтижесі 3,9 трлн теңге сомасында пайда ретінде анықталды, өндірістің рентабельділік (залал) деңгейі 14,2%.
Өндірістік шығын құрамында материалдық шығындар – 55,7%, еңбекақы төлеу және амортизацияға шығын үлесі сәйкесінше 13,6% және 13,5% құрады.
2024 жылғы IV тоқсанында міндеттемелер бойынша берешек 78,4 трлн теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек 0,6% деңгейінде қалыптасты.
2024 жылғы IV тоқсанында дебиторлық берешек 19,9 трлн теңгені құрады, одан мерзімі өткен берешек – 2,3%.
Кәсіпорындардағы активтердің құны 159 трлн теңгені құрады. Негізгі үлестіұзақ мерзімді активтер алды 64,6%.
Ал шағын кәсіпорындарды зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің сальдолық қаржылық нәтижесі 4,4 трлн теңге сомасындағы пайда ретінде анықталды.
Шағын кәсіпорындардың шығын көлемі 16,8 трлн теңгені құрады, одан материалдық шығындар – 20,9%, еңбекақы төлеуге және амортизацияға шығын үлесі, сәйкесінше 10,6% және 4,3%.
2024 жылғы IV тоқсандағы жағдай бойынша республикада шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны – 1,7 млн адам, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы – 387,7 мың теңгені құрады.
2024 жылғы IV тоқсанда өнімдерді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кіріс 27,9 трлн теңге.