Импорттың 47%-ы Ресейден келеді

Импорттың 47%-ы Ресейден келеді

2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстанға импорт 12,9 млрд долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда небәрі 0,8% өсті. Бірақ 2023 жылдың рекордтық I тоқсанымен (14,3 млрд доллар) салыстырғанда бұл 9,5% аз.

Жабдық импорты 6% өсіп, 2,4 млрд долларды құрады. Негізгі жеткізушілер: Қытай (45%), Ресей (10%), Германия (7%)

Бұл ретте өнеркәсіптік көліктер импорты 21,3% төмендеп, 425 млн долларды құрады.

Тамақ шикізатының тауарлары 58,1% азайып 89 млн доллар болды.

Әсіресе ресейлік бидай импорты құлдырады. Импортқа тыйымның жойылғанына қарамастан 101 млн доллардан 7 млн долларға дейін азайды.

Автомобиль өнеркәсібіне арналған құрамдас бөліктер: +9,2% ұлғайып 1,2 млрд долларға жетті.

Газ импорты 2,2 есе 251 млн долларға дейін артты

Тұтыну тауарлары жалпы өсімі +0,5%. Азық-түлік емес тауарларда 1,9% азайса, азық-түлік импорты +6,6% артып, 1,25 млрд доллар болды. Соның ішінде Ресейден (+15%), Қытайдан (+51%), Беларусьтен (+30%), Украинадан (+37%) көбейді.

Импорт көлемінің 68%-ы, ақшалай 47%-ы Ресейге тиесілі.