Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген несиесі 2024 жылы 20,9% ұлғайып, 33,8 трлн теңгені құрады.
2024 жылы ұлттық валютадағы несие 19,5%, 30,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды, АҚШ долларының теңгеге қатысты 15,5% нығаюы аясында валюталық несиені қайта бағалау себебінен шетел валютасындағы кредиттер 37,2%, 3,0 трлн теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде 2024 жылы теңгемен берілген несиелердің үлесі 92,3%-дан 91,2%-ға дейін азайды.
2024 жылы екінші деңгейдегі банктер барлығы 36,2 трлн теңгеге жаңа несие берді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 19,5% артық. Бұл ретте, 2024 жылғы желтоқсанда 3,8 трлн теңге берілді, бұл өткен аймен салыстырғанда 10,2% артық.
Бизнес субъектілеріне берілген несие сақталып отырған жоғары пайыздық мөлшерлемелерге қарамастан 2024 жылы 16,3%, 13,1 трлн теңгеге дейін өсті. Бизнеске несие портфелі өсімінің негізгі драйвері 46,6%, 2,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған жеке кәсіпкерлерге берілетін несие.
ШОБ субъектілеріне қарыздар 2024 жылы 13,1%, 6,5 трлн теңгеге дейін өсті, ірі бизнеске қарыз 9,2%, 4,4 трлн теңгеге дейін өсті.
2024 жылдың қорытындысы бойынша бизнеске несиенің өсуі ақпарат және байланыс саласын қоспағанда, экономиканың барлық салаларында байқалады. Өнеркәсіпте — 31,1%, 4,4 трлн теңгеге дейін, саудада – 18,9%, 3,5 трлн теңгеге дейін, құрылыста – 14,5%, 0,7 трлн теңгеге дейін, көлік саласында 8,9%, 0,9 трлн теңгеге дейін және басқа да қызмет көрсету салаларында – 3,7%, 3,0 трлн теңгеге дейін өсті.
Бұл ретте негізінен ақпарат және байланыс саласында жоспарлы өтеулерге байланысты кредиттік портфельдің 25,1%, 0,2 трлн теңгеге дейін төмендеуі байқалды.
2024 жылы бизнес субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер 18,2 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 17,2% артық. Бұл ретте 2024 жылғы желтоқсанда 2,1 трлн теңге берілді, бұл өткен аймен салыстырғанда 15,4% артық.
Бизнестің кредиттік өтінімдерін қарау процестерін цифрландыру және оңайлату, сондай-ақ банктердің скорингтік модельдерін жетілдіру жөніндегі банктердің белсенді жұмысының нәтижесінде бизнеске кепілсіз кредит беру үлесінің өсуі байқалады, олардың жаңа кредиттер берудегі деңгейі 2023 жылғы 17,8%-дан 2024 жылы 20,5%-ға дейін өсті.
Халыққа берілген несие 2023 жылғы 26,7%, өсіммен салыстырғанда бәсеңдеп, 2024 жылы 23,9% ұлғайып, 20,7 трлн теңгені құрады.
Халыққа берілетін несие құрылымында ипотекалық кредиттер 2024 жылы 14,5%, 6,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ипотекалық портфельдегі нарықтық бағдарламалардың үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 26,6%-дан 30,2%-ға дейін ұлғайды.
2024 жылы тұтынушылық қарыздар 2023 жылғы 34,2%-дан баяулап, 33,5%, 13,8 трлн теңгеге дейін өсті.
2024 жыл қорытындылары бойынша екінші деңгейдегі банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың (NPL90+) деңгейі несие портфелінен 3,1%-ды немесе 1 094 млрд теңгені құрады (2024 жылғы 1 қаңтарда – 2,9% немесе 864 млрд теңге).