Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2025 жылғы маусымда негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 3,4%, 33,1 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 1,8%, 42,2 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 2,1% өскен) ұлғайды. Шетел валютасындағы депозиттер 3,8%, 9,1 трлн теңгеге дейін қысқарды. Нәтижесінде, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша депозиттерді долларландыру деңгейі бір ай бұрынғы 22,9%-дан төмендеп, 21,6%-ды құрады.
Заңды тұлғалардың депозиттері 2025 жылғы маусымда 0,9%, 18,7 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 2,4%, 23,5 трлн теңгеге дейін өсті.
Банктік емес заңды тұлғалардың мерзімді депозиттері және жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2025 жылғы маусымда 2025 жылғы мамыр деңгейінде сақталып, тиісінше 15,4% және 14,2%-ды құрады.