45 күнге дейін берілетін ерекше микронесие сомасы тамыздың екінші жартысынан бастап 50 АЕК-тен (186 мың теңге) 45 АЕК-ке (166,1 мың теңге) дейін азайтылған еді.
Әртүрлі реттеуші өзгерістердің, кейбір ойыншылардың лицензияларын қайтарып алу немесе тоқтата тұруы әсерінен бұл несие бойынша жалпы портфель былтыр әжептәуір қысқарды – 36%. 2025 жылдың 1 қаңтарында 89,2 млрд теңге болды. Келісімшарттар саны 34% азайып, 1,2 млн бірлікті, ал қарыз алушылар саны 20,9% қысқарып, 652,4 мың адамды құрады.
Несиенің берілуі шамамен төрттен бірге баяулады, бір жылда көлемі 576,9 млрд теңгеге жетті. Бұл сома 9,1 млн келісімшартқа (-28,9%) және 981 мың қарыз алушыға (-10,6%) тиесілі. Келісімшарт бойынша несиенің берілуінің орташа көрсеткіші аздап өскен (+5,3%, инфляция деңгейінен төмен).
Есесіне бизнес несие деп берілетін қарыз көбейген. Бұл несиеде қарыз алушы ретінде жеке тұлға көрсетілгенімен, несие беру мақсаты мен объектісі бизнес деп көрсетіледі.
Мұндай несиелердің портфелі 1 қаңтарда 436,1 млрд теңгеге жетіп, бірден 54,5% артты. Қарыз алушылар саны екі еседен астамға, 625,3 мың адамға дейін өссе, келісімшарттар саны 150,8%, 890,6 мың бірлікке дейін артқан. Бір келісімшарт бойынша орташа қарыз сомасы 38,4% төмендеп, 489,6 мың теңгені құрады.
Қазіргі уақытта портфельдің негізгі бөлігі МҚҰ-ға тиесілі. Нақты айтқанда, 360 млрд тг немесе жиынтық көлемнің 83%-ы. Бұл сегменттегі көрсеткіш бір жылда шамамен 70% өскен. Портфельдің сапасына келер болсақ, 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 90+ уақытқа кешіктірілген қарыздар жалпы көлемде 11,6% үлесті құрап отыр (жалпы, барлық сегменттер бойынша).
Барлық ойыншылар бойынша несиенің берілуі, жалпы алғанда, бір жылда 518,5 млрд теңгеге жетіп, 2023 жылға қарағанда бірден 68,7% жоғары болды. Қарыз алушылар саны 126,4% өсіп, 632 мың адамды құрады, ал келісімшарттар саны бірден 254,5% артып, 1,4 млн бірлікке жетті.