Халық банктерге 1,2 трлн теңгені 90 күннен артық кешіктіріп жүр

Халық банктерге 1,2 трлн теңгені 90 күннен артық кешіктіріп жүр

Халыққа берілген кредиттер 2025 жылғы ақпанда 1,6% ұлғайып, 21,1 трлн теңгені құрады (2025 жылдың басынан 2,2% өскен). Халыққа берілген кредиттердің өсуі тұтынушылық қарыздардың 1,8%, 14,1 трлн теңгеге дейін және ипотекалық кредиттеудің 0,4%, 6,1 трлн теңгеге дейін ұлғаюына байланысты болды.

2025 жылғы ақпанда халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі бөліп төлеумен берілген қарыздар үлесінің ұлғаюы нәтижесінде 18,6% (2025 жылғы қаңтарда – 20,3%) дейін төмендеді.

Банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, 01.03.2025ж. жағдай бойынша кредиттік портфельдің жалпы көлемінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі бір ай бұрынғы 3,2%-дан сәл ұлғайып, 3,3%-ды немесе 1,2 трлн теңгені құрады.

01.03.2025ж. жағдайға сәйкес халықтың кредиттері бойынша NPL90 + қарыздардың үлесі 4,1%-ды немесе 858 млрд теңгені, бизнес кредиттері бойынша – 2,2%-ды немесе 319 млрд теңгені құрады. 90 күннен астам төлем мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 67,3%-ды құрады (01.01.2025ж. – 67,0%).