Халық 906 млрд теңге несиені 90 күннен артық қайтара алмай жүр

Халық 906 млрд теңге несиені 90 күннен артық қайтара алмай жүр

Халыққа берілген кредиттер тұтынушылық қарыздардың 1,9%, 14,7 трлн теңгеге дейін және ипотекалық қарыздардың 1,3%, 6,2 трлн теңгеге дейін ұлғаюы нәтижесінде 2025 жылғы сәуірде 1,5%, ұлғайып, 21,7 трлн теңгені құрады (2025 жылдың басынан 5,0% өсім).

2025 жылғы сәуірде тұтынушылық қарыздар бойынша мөлшерлеменің 20,4%-дан 21,2%-ға дейін ұлғаюына байланысты халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,9%-ға дейін (2025 жылғы наурызда – 19,7%) өсті.

Банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, 01.05.2025ж. жағдай бойынша кредиттік портфельдің жалпы көлеміндегі 90 күннен астам мерзімі өткен кредиттердің үлесі 2025 жылғы наурыздағы деңгейде сақталып, 3,4%-ды немесе 1,3 трлн теңгені құрады.

Халықтың кредиттері бойынша NPL90+ қарыздарының үлесі 01.05.2025ж. жағдай бойынша 4,2%-ды немесе 906 млрд теңгені, бизнеске берілген кредиттер бойынша 2,3%-ды 354 млрд теңгені құрады. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 67,7%-ды құрады (01.01.2025ж. – 67,0%).