Халық 1,2 трлн теңге несиені 90 күннен артық төлемей жүр

Халық 1,2 трлн теңге несиені 90 күннен артық төлемей жүр

Халыққа берілген несие 2025 жылғы наурызда тұтынушылық қарыздардың 1,9%, 14,4 трлн теңгеге дейін ұлғаюына байланысты 1,3% көбейіп, 21,4 трлн теңгені құрады (2025 жылдың басынан 3,5% өсім).

2025 жылғы наурызда тұтынушылық қарыздар бойынша мөлшерлеменің 19,1%-дан 20,4%-ға дейін ұлғаюына байланысты халыққа теңгемен берілген несие бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,7%-ға дейін (2025 жылғы ақпанда - 18,6%) өсті.

Банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, 01.04.2025 ж. жағдай бойынша несие портфелінің жалпы көлеміндегі 90 күннен астам мерзімі өткен кредиттердің үлесі бұрынғы 3,3%-дан аздап ұлғайып, 3,4%-ды немесе 1,2 трлн теңгені құрады.

Халықтың кредиттері бойынша NPL90+ қарыздарының үлесі 01.04.2025ж. жағдай бойынша 4,2%-ды немесе 894 млрд теңгені, бизнеске берілген кредиттер бойынша 2,3%-ды 338 млрд теңгені құрады. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 67,1%-ды құрады (01.01.2025ж. – 67,0%).