Еуразиялық банктің таза пайдасы 40,7% азайып, 30,5 млрд теңге болды

Еуразиялық банктің таза пайдасы 40,7% азайып, 30,5 млрд теңге болды

Еуразиялық банктің таза пайдасы жылдың I жартысында жылдық есеппен 40,7% төмендеп, 30,5 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасында жарияланған қаржылық есептен белгілі болды. Өткен жылдың алты айында Еуразиялық банк 51,4 млрд теңге пайда тапса, биыл бұл көрсеткіш 20,9 млрд теңгеге азайды.

Банк бір мезгілде пайыздық та, комиссиялық та кірістерінің азаюына тап болды. Пайыздық кіріс үштен бірге (32,8%) немесе 30 млрд теңгеге төмендеп, 61,7 млрд теңгені құрады. Комиссиялық кіріс бұдан да қатты құлдырап, 39,7% (4,1 млрд теңгеге) азайып, 6,3 млрд теңгеге жетті. Қаржы құралдарымен операциялардан болған шығын 9,8 млрд теңгені құрады, ал өткен жылдың I жартыжылдығында бұл бағытта 336 млн теңге пайда болған еді.

Сонымен қатар, банк персонал шығындарын 2,9 млрд теңгеге қысқартты, бірақ жалпы және әкімшілік шығындарын 1,1 млрд теңгеге арттырып, 11 млрд теңгеге жеткізді.

Жыл басынан бері банктің активтері 139 млрд теңгеге азайып, 2,994 трлн теңгені құрады. Міндеттемелер де 139 млрд теңгеге қысқарып, 2,6 трлн теңгеге түсті. Капитал 1,2 млрд теңгеге азайып, 403,6 млрд теңгені құрады.

Еуразиялық банктің бас компаниясы – «Еуразиялық қаржылық компаниясы». Ол, өз кезегінде, марқұм Александр Машкевичке, Патох Шодиевке және 2021 жылы қайтыс болған Аліжан Ибрагимовтың жесірі – Мукадасханға тиесілі, әрқайсысына 33,3% үлестен.