Еуразиялық банктің Өзбекстандағы еншілес банкі лицензиясынан айырылып қалды

Еуразиялық банктің Өзбекстандағы еншілес банкі лицензиясынан айырылып қалды

Өзбекстан Орталық банкі Қазақстанның «Еуразиялық банкінің» жергілікті еншілес ұйымының лицензиясын қайтарып алды.

Регулятордың хабарлауынша, негізгі себеп – жарғылық капиталдың минималды талаптарға сай болмауы. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл шек 500 млрд сумға (40 млн доллап) көтерілді, алайда «Еуразиялық банк» көрсеткішті 200 млрд сум деңгейінде сақтап қалған. Сонымен қатар, заңнамадағы басқа да талаптардың орындалмағаны аталып өтті, бірақ нақты айтылмаған.

Орталық банк қаржы ұйымын мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдап, тарату комиссиясын тағайындады.

«Еуразиялық банк» Өзбекстанда лицензияны 2024 жылы алған. Алайда 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша активтер көлемі бойынша соңғы орында тұрды – 104 млрд сум (8,3 млн доллар). Биылғы бірінші жартыжылдықта банк 51,6 млрд сум шығын көрсеткен.