Ең көп шыққан модельдер: Mufasa Elantra-ға жетіп қалды

Ең көп шыққан модельдер: Mufasa Elantra-ға жетіп қалды

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы шілдеде елде жалпы құны 164,9 млрд теңгені құрайтын 11 765 дана дөңгелекті техника шықты, былтыр осы уақытта 100.9 млрд теңгелік 7 839 машина жасалған (+50,1%).

Жалпы жеті айда кәсіпорындар 1,16 трлн теңгеге 83 259 техника құрастырды. 2024 жылғы қаңтар мен шілде аралығында өндіріс көлемі 16,7% ұлғайып, машинажасау саласындағы үлесі 40,7%-ға жетті. 

Елдегі зауыттар көптеп шығаратын көлік түрі – жеңіл автомобиль (75 406; +19%). Сонымен қатар 4091 (-10,5%) жүк көлігі мен 1 361 автобус (+5,5%), 1948 тіркеме мен жартылай тіркеме және 453 басқа техника түрі жасалды.

«Қазақстанның автоөнеркәсібі мыңдаған маманның еңбегімен дамып келеді: бүгінде бұл салада 8 мыңнан астам адам қызмет етіп жатыр. Әрбір жаңа автомобиль – олардың кәсіби біліктілігі мен заманауи технологияларды енгізудің нәтижесі. Өндіріс көлемінің артуы отандық автоөнеркәсіптің позициясын нығайтып, кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Алда екі жаңа өндіріс орнын іске қосу жоспарланып отыр, бұл бес мыңнан астам жұмыс орнын құрып, көлікпен байланысты басқа салаларға қосымша серпін береді», — дейді ҚАО президенті Анар Мақашева.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» берген мәліметке сүйенсек, алғашқы жеті айда Қостанайдағы Allur 45 756 техника өндірді (+6,9%). Алматыдағы зауыттар (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 31 245 жеңіл және коммерциялық техника құрастырды (+41,8%). Семей (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 2 413 коммерциялық көлік жөнелтсе (-17,5%), Қарағандыда орналасқан QazTehna 976 бірл. техника жасады (+28,1%). Көкшетауда (КАМАЗ-Инжиниринг) 739 коммерциялық автомобиль конвейерге тұрды (+34,6%). Басқалары 2 130 машина шығарды. 

2025 жылдың қаңтары мен шілдесі аралығында аса танымал болған бес бренд (экспортты қосқанда): Hyundai (30 850), Chevrolet (16 598), Kia (14 856), Jetour (7 116) және Jac (5 641). Модельдер қатарында Chevrolet Cobalt (13 628), Hyundai Tucson (11 849), Kia Sportage (6 999), Hyundai Elantra (4 905) және Hyundai Mufasa (4 636) басым.