Электронды сауданың жалпы саудадағы үлесі 14,1%, бұл 3,2 трлн теңге

Электронды сауданың жалпы саудадағы үлесі 14,1%, бұл 3,2 трлн теңге

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі (ішкі нарық) 2024 жылы (маркетплейстерді қосқанда) 14,1% болды.

2024 жылы маркетплейстерді қосқанда бөлшек электрондық коммерция (ішкі нарық) нарығының көлемі 3 156,4 млрд теңгені құрады. Бұл жан басына шаққанда айына 112 889 теңгеден келеді.

Оның ішінде электрондық коммерция платформасы (маркетплейс) арқылы бөлшек сауда айналымы 2 679,8 млрд теңгені (84,9%), тауарларды меншікті интернет-ресурсы арқылы өткізуді жүзеге асыратын бөлшек сауда кәсіпорындары – 476,5 млрд теңгені (15,1%) құрады.

2024 жылы электрондық коммерция платформасын (маркетплейс) пайдаланатын кәсіпорындардың үлесі 82,5%, тауарлар мен қызметтерді меншікті интернет-ресурс арқылы өткізетіндер – 26,8%, олардың ішінде 9,3% бөлшек электрондық коммерцияны (маркетплейс және меншікті интернет-ресурс арқылы) жүзеге асырады.

2024 жылы электрондық коммерция қызметтерінің көлемі маркетплейстерді қосқанда 2 443,4 млрд теңгені құрады. Электрондық коммерция (маркетплейс) платформасы арқылы көрсетілген қызметтер көлемі 2 065,2 млрд теңгені (84,5%) құрады. Меншікті интернет-ресурс арқылы көрсетілген қызметтер көлемі 378,2 млрд теңгені (15,5%) құрады.

2024 жылы маркетплейстер арқылы тауарларды бөлшек саудада өткізудің жалпы көлемінің ең үлкен үлесі телефондар мен гаджеттер – 27,4%, тұрмыстық техника – 13,3%, киім, аяқ киім, спорттық тауарлар – 10,3%, компьютерлер, ноутбуктер, бағдарламалық жасақтама, компьютерлік тауарлар – 5,7% құрады.

2024 жылы электрондық коммерция нарығында Экономикалық қызмет түрлері бойынша платформа маркетплейс ұстаушылардың ең көп үлесі компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет – 26,8%, деректерді өңдеу, қосымшаларды орналастыру және осымен байланысты қызметтер – 19,5%, поштамен тапсырыс беру немесе интернет желісі арқылы бөлшек саудада сату – 12,2%, ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер саласындағы қызметтің басқа да түрлері – 12,2%, тиесілі болды.

Бөлшек электрондық сауданың жалпы көлемінің ең үлкен үлесі (79%) орта кәсіпорындарға тиесілі, шағын – 17,1% және ірі – 3,9% маркетплейстер арқылы жүзеге асырылды.

2024 жылы маркетплейс арқылы көрсетілген қызметтер көлеміндегі ең үлкен үлес жүк тасымалдау бойынша қызметтеріне – 29,5%, жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтеріне – 29,4% және көлік орындарын брондау қызметтеріне – 25%.

Көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің ең үлкен үлесі (56,3%) жұмысшылар саны 100 адамға дейінгі маркетплейстер (шағын кәсіпорындар) және орта кәсіпорындар – 43,7% арқылы жүзеге асырылды.

2024 жылы маркетплейстерде бөлшек тауарлар үшін орташа чек – 17 572 теңгені, көрсетілген қызметтер үшін – 3 274 теңгені құрады.

Бөлшек саудада меншікті интернет-ресурс арқылы өткізу бойынша ең көп үлесті косметика парфюмерия (22,4%), тұрмыстық техника (13,4%), дәріхана (11,8%), телефондар мен гаджеттер (10,1%), бұйым (8,7%) және азық-түлік өнімдері (8,3%) құрады.

2024 жылы менішкті интернет-ресурс арқылы бөлшек сауда көлеміндегі ең үлкен үлес ірі кәсіпорындарға – 45,1%, шағын кәсіпорындарға – 43,8%, орта – 11,1% тиесілі болды.

2024 жылы меншікті интернет-ресурс арқылы көрсетілген қызметтер көлеміндегі ең үлкен үлес — билеттер және көлік орындарын брондау – 30,5%, жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер – 23,9%, басқа топтамаларға кірмейтін өзге де қызметтер – 18,6% тиесілі.

2024 жылы менішкті интернет-ресурс арқылы көрсетілген қызметтер көлеміндегі ең үлкен үлес шағын кәсіпорындарға – 54,5%, орта – 28,4%, ірі кәсіпорындарға – 17,1% тиесілі болды.

2024 жылы меншікті интернет-ресурс арқылы бөлшек тауарлар үшін орташа чек 39 179 теңгені, көрсетілген қызметтер үшін – 15 243 теңгені құрады.

2024 жылы тауарлар мен көрсетілген қызметтерге ақы төлеу тәсілдерінің ішінде ең қолайлы дебеттік картамен төлеу немесе электрондық банктік аударым (32,2%), интернет арқылы несие картасымен төлеу (23,7%), қолма-қол төлеу (22,8%), онлайн төлемдер (13,7%), ұялы телефон (3,9%), сыйлық картасымен төлеу немесе бонустар немесе купондар бағдарламасының «ұпайлары» онлайн ваучері (3,7%) болды.

Жеткізу тәсілі бойынша қарапайым пошта қызметтерін немесе жеткізудің басқа тәсілдерін қолдана отырып, сатып алушыға тікелей жеткізу түрі ең қолайлы болып табылады, оның үлесі – 45,8%, сату пунктінен немесе қызмет көрсету пунктінен өздігінен алып кету – 34% және веб-сайттан немесе бағдарламалық жасақтамадан жүктеу арқылы онлайн жеткізу – 20,2% құрайды.