Елдің депозиттегі ақшасы азайып кетті

Елдің депозиттегі ақшасы азайып кетті

2025 жылғы қаңтарда депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері 40,4 трлн теңгеге дейін 2,1% азайды. 

Заңды тұлғалардың депозиттері 2,3%, 18,3 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 2,0%, 22,1 трлн теңгеге дейін төмендеді. Депозиттердің төмендеуі маусымдық факторларға, сондай-ақ валюталық депозиттердің қайта бағалануына байланысты болды.

Ұлттық валютадағы депозиттер 2025 жылғы қаңтарда 2,4%, 31,2 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 1,4% 9,2 трлн теңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде 2025 жылғы 1 ақпандағы долларландыру деңгейі 2025 жылдың басындағы 22,5%-дан біраз ұлғайып, 22,7%-ды құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттер бойынша сыйақының орташа сараланған мөлшерлемесі 2025 жылғы қаңтарда 14,1%-ды (2024 жылғы желтоқсанда – 14,0%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 13,5% (2024 жылғы желтоқсанда – 13,2%) құрады.