Экспорт күрт азайып кетті, ал импорт көбейіп барады

Экспорт күрт азайып кетті, ал импорт көбейіп барады

2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан шетелге 22,7 млрд долларға тауар мен қызмет сатқан. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, бір жылда бұл көрсеткіш 11,5% төмендеді.

Жалпы, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-сәуірде 41,2 млрд долларды құрап, 2024 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 6% төмендеді. Бұл ретте Қазақстанның импорты 1,9% өсіп, 18,4 млрд долларды құрады.

Қазақстан экспортының құрылымында шикі мұнай мен битумды минералдардан алынған мұнай өнімдері (52,5%), тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (5,3%), мыс рудалары мен концентраттары (3,6%), ферроқорытпалар (3,1%), бидай және меслин (2,3%) басым екені атап өтілген.

Қазақстанның негізгі экспорттық серіктес елдері: Италия (24,5%), Қытай (15,5%), Ресей (9,9%), Нидерланды (7,1%), Франция (5,3%) және Түркия (4,9%).

Импорт құрылымында ең көп үлес салмағы жеңіл автомобильдерге (4,2%), дәрілік заттарға (3,9%), көлік құралдарының кузовтарына (2,7%), телефондарға (2,2%) және көлік бөлшектеріне (2,1%) келеді.

Қазақстан импортының негізгі бөлігін Ресей (28,4%), Қытай (27,4%), Германия (4,6%), Корея (4,3%), АҚШ (3,7%) және Түркия (2,7%) құрады.

Бюро сондай-ақ Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 8,4 млрд долларды құрағанын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% аз екенін қосты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде ең үлкен үлесті Ресей (88,8%), одан кейін Қырғызстан (7,6%), Беларусь (3,5%) және Армения (0,2%) алады.