Егіс жұмыстары толық аяқталды: 24,7 гектарға егін егілді

Егіс жұмыстары толық аяқталды: 24,7 гектарға егін егілді

Биыл егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгені құрады.

Диқандардың жеңілдетілген қаржыға қолжетімділігін арттыру мақсатында қарыз сомасының 85%-на дейін кепілдік беру механизмі іске қосылды.

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизинг арқылы алу көлемі 250 млрд теңгені құрады. Бұл техниканы жаңартуға және көктемгі дала жұмыстарын агротехникалық мерзімдерде, жоғары технологиялық тиімділікпен жүргізуге елеулі әсер етті.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ауыл шаруашылығы дақылдары 23,7 млн гектар жерге егілді.

Сонымен қатар, егістік алқаптардың құрылымын әртараптандыруға ерекше назар аударылды. Бұл ретте егін айналымының ғылыми негізделген нормалары, климаттық тәуекелдерге төзімділік және нарықтық үрдістер ескерілді.

Нәтижесінде, өнімділігі жоғары және сұранысқа ие дақылдардың егіс көлемі ұлғайды: майлы дақылдар – 3,4 млн гектар (былтырғымен салыстырғанда 0,5 млн гектарға артық), мал азығы дақылдары – 3,3 млн гектар (114 мың гектарға артты), дәндік жүгері – 167,5 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары – 222,3 мың гектар.