Доллардың қымбаттауы зейнетақы қорына қосымша 578,4 млрд теңге табыс әкелді

Доллардың қымбаттауы зейнетақы қорына қосымша 578,4 млрд теңге табыс әкелді

2024 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі 3,4 трлн теңгеге жетті. Инфляцияны ескермесек, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,1 есе көп.

Көрсеткіш екінші жыл қатарынан өсіп келеді. Еске салайық, 2023 жылы да өсім айтарлықтай болды – 76%. Бірақ бұл геосаяси жағдайдың нашарлауы аясында байқалған 2022 жылдағы көрсеткіштің төмендігінен болды. Ал биыл өсім шынымен де жақсы болды.  Биылғы деңгей кем дегенде соңғы жеті жылдағы ең жоғарысы (инфляцияны ескермесек).

Егер инвестициялық кірістің құрылымы туралы айтатын болсақ, оның жартысы бағалы қағаздар бойынша сыйақыдан түсті – 1,6 трлн теңге. Сыртқы басқару тағы үштен бір, яғни 1 трлн теңге әкелді. Өз кезегінде шетел валютасының бағамының өзгеруінен қосымша 17% (578,4 млрд теңге), бағалы қағаздардың құнының өзгеруінен қосымша 6% (200,6 млрд теңге) өсім болды.

Теңгенің әлсіреуі көрсеткіштің өсуіне айтарлықтай әсер етті деп есептеген жөн: бір жыл бұрын шетел валютасы бағамының арзандауынан 38 млрд теңге шығын болған. Айтпақшы, жалпы динамикада сыртқы басқару да маңызды рөл атқарды. Бір жыл ішінде одан түскен кіріс 901,5 млрд теңгеге немесе 7,5 есе өсті.

Сонымен қатар, 2024 жылы Ұлттық басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 17,84%-ды құрады, ал инфляцияның осы уақытта 8,6% болғанын білеміз. Бір қызығы, қаңтар-мамыр аралығында кірістілік те, инфляция да жыл басымен салыстырғанда бірдей өсті. Алайда теңгенің әлсіреу үрдісі басталған маусым айынан бастап олардың өсу траекториялары алшақтай бастады.

Қорытындылай келе, қазақстандық банктердің бағалы қағаздарына инвестицияның өсуіне назар аударайық. Осылайша, 2024 жылы БЖЗҚ қаражаты есебінен жалпы сомасы 270,6 млрд теңгеге облигация сатып алынды. Бұл көлемнің жартысынан астамы Halyk Bank-ке тиесілі – 140,2 млрд теңге. Қалғаны RBK (79,9 млрд теңге) мен Отбасы банк (50,5 млрд теңге) арасында бөлінді. 2023 жылы тек RBK облигациялары сатып алынды. Олардың құны 10,6 млрд теңгені құрады.