Доллар сатып, алтын алады: Ұлттық банк теңгені құтқарудың жаңа әдісін тапты

Доллар сатып, алтын алады: Ұлттық банк теңгені құтқарудың жаңа әдісін тапты

Ұлттық банк алтын сатып алуға байланысты айна операциялары аясында доллар сататын болады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

«Енді мен инфляциялық қысымды төмендетуге және макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталған тағы бір шараға толығырақ тоқталғым келеді. Өздеріңіз білетіндей, Ұлттық банк өз қызметі аясында мемлекеттің басым құқығын пайдаланып алтын өндіруші кәсіпорындардан алтын сатып алып келеді», — деді бас банкир.

Бұл шара халықаралық резервтерді және экономиканың сыртқы күйзелістерге төзімділігін нығайтуға бағытталған. Оның айтуынша, бұл саясат табысты болды және қор көлемін 45,8 млрд долларға, оның ішінде меншікті алтынды 23,8 млрд долларға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

«Алайда мұндай операциялар теңге эмиссиясы есебінен қаржыландырылады, осылайша экономикадағы ақша көлемін ұлғаяды, оның тауар массасынан асып кетуіне әкеледі, бұл, әрине, инфляцияны күшейтеді. Осындай теріс салдарды барынша азайту үшін соңғы бір жылда Ұлттық банк ішінде осы шараға қатысты монетарлық бейтараптыққа көшуді белсенді түрде талқылап жатырмыз, осы талқылаулар мен талдауларды ескере отырып, біз алтын сатып алған сайын доллар сата бастаймыз. Айта кетейін, бұл операция валюталық интервенция емес», – деді Тимур Сүлейменов. 

Оның басты міндеті – экономикадағы артық ақша көлемін қысқарту және инфляцияның мақсатты деңгейін 5%-ға жеткізу.

«Алайда бұл шаралар ішкі нарықта қосымша валюта ұсынысын қалыптастырады, бұл ішкі валюта нарығындағы тепе-теңдікке де ықпал етеді», — деп атап өтті ол.