Доллардың қазіргі 500 теңге айналасындағы бағамы әділ баға, дейді Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов.
«Мен мұны (теңгенің күшеюін) фундаменталды деңгейге оралуы дер едім. Өздеріңіз білетіндей, санкциялар валюта бағамына да әсер етеді. Олар жариялана салысымен рубль бағамының долларға қатысты осындай қисынсыз көтерілді. Енді қазір Ресейдегі иррационалды құбылу басылып, мөлшерлеме әділ бағамына оралды. Дәл осындай жағдай Қазақстанда да болды», — дейді вице-министр.
Оның пікірінше, «санкциялардың айырбас бағамына әсері әдетте қысқа мерзімді», айырбас бағамының 530 теңгеге секіруі «эмоционалды» болды және жалпы девальвацияға негіз жоқ.