Үкімет 2030 жылға қарай Қазақстанды туризмі дамыған әлемнің үздік 50 елінің қатарына қосуды көздеп отыр. Бұл туралы жыл басында премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылған еді. Атап айтсақ, 2030 жылға дейін ішкі туристердің санын 11 млн-ға, шетелдік туристердің қатарын 4 млн адамға дейін дейін арттыру мақсаты қойылып отыр. Сонымен қатар, салада жұмыспен қамтуды 800 мың маманға дейін өсіру жоспарланған. Жаңа әуе бағыттарын ашу, туристік қызметтерді цифрландыру, қонақ үй бизнесінде және саланың басқа секторларында стандарттарды арттыру жөнінде жұмыс жүргізілмек. Бұл ретте, саяхатшылар көбіне Алматы тау кластерінде, Бурабайда, Маңғыстау курортты аймағында және Алакөл көлінің жағалауына тоқтайды. 

«Discovery Borovoe» – Қазақстанда отбасылық демалысқа маманданған бірден бір курорт-қонақ үй. Қарағайлы орманда орналасқан, жыл бойы жұмыс істейтін орынның инфрақұрылымы жақсы дамыған. Жабық аквапарк, бассейн, әртүрлі кешендері бар SPA орталығы, тренажер залымен қамтылған. Сонымен қатар, уақытты қызықты өткізу үшін ойын клубы, балалар ойын бөлмесі, арқан саябағы ашылған. 


Discovery тарихы осыдан 20 жыл бұрын табиғаты сұлу Қатаркөл көлінің қарсы бетінде «Континент» балалар сауықтыру орталығының құрылуымен басталды. Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен балалар демалуға келетін еді. Таңғажайып орын туралы хабар тек Қазақстанда ғана емес, көршілес елдерде де тез тарайды. Сол себепті Ресейлік, Украиналық мектеп оқушылары демалысын осында келіп өткізетін.  Кейін, 2006 жылдан бастап «Континентпен» қатар, «Простор» балалар лагері жұмыс істей бастады. Осылайша, атаулары бірнеше мәрте өзгеріп, 2011-2019 жылдар аралығында Discovery балалар лагері ашылады. Нәтижесінде 2020 жылға дейін орталық жаз мезгілінде балалар лагері, қалған уақытта қонақ үй ретінде жұмыс істеп келді. Ал бүгінде ол – отбасылық типтегі қонақ үй. 


Орталық директоры Елена Барановскаяның айтуынша, мұнда қызметтің 27 түрі көрсетіледі.

«1200 шаршы метр ауқымы бар балалар алаңы бар. Мұнда мастер класстың он алты түрі жүргізіледі. Курорт аймағында төрт қонақ үй салынған. Бұған қоса, аквапарк, spa орталық, медициналық орталық, инвентарьларды жалға беру сынды қызмет көрсетеміз. Біз отбасына қызмет көрсетеміз. Қонақ үйдің басты құндылығы да осы», – дейді ол. 


Демалысты сәнді әрі мәнді өткізуге бар жағдай жасалған. Алайда орталық басшысының сөзінше, олар мұндай дәрежеге бірден жетпеген. Бастапқы кезде қаржылық қолдауды қажет еткен: 

«2011 жылы алғашқы корпустарымыз ашылды. Біз оны ашуға Jusan Bank-тен қаржы алдық. Ол қаражатқа балалар ойын алаңын, қонақ үй ғимаратын жөндеп, бассейнді іске қостық. Одан кейінгі жылы spa орталықты аштық. Бұл жобалардың барлығы аталмыш қаржы ұйымының демеуі негізінде мүмкін болды», – дейді Елена Барановская.



Отбасылық қонақ үй иесі келешекте де аталмыш қаржы ұйымымен жаңа жобаларды қолға алуды жоспарлап отыр. Өйткені балалар мен ересектердің демалысын қолдан келгенше әсерлі ету қажет. Басты мақсат  та сол. 


Ал қонақ үйде аниматор-тренер қызметін атқаратын Александра жұмысымның мақсаты азаматтарға жылы энергия мен жақсы көңіл күй сыйлау деп біледі. 

«Үлкен қуыршақтардың киімін киіп, шеберлік сабақтарын өткіземіз. Мастер класстар ұйымдастырамыз. Жұмысымды қатты жақсы көремін. Ал сауықтыру орталығына келер болсақ, мұнда массаж қабылдауға болады. Қыста сырғанақ не коньки тепсеңіз де өз еркіңіз. Экстремалды спорт түріне жақындары арқандар паркінде уақыт өткізе алады. Кез-келген уақытта керемет әсер алатыныңызға сенімдімін», – дейді ол. 


Бурабайға Астанадан теп-тегіс, кең көлемді автобан арқылы немесе Шортанды қаласы арқылы электр пойызбен жетуге болады. Бурабайдың өзге курорттардан ерекшелігі мұнда қысы-жазы туристердің, демалушылардың легі сиремейді. Климат өте қолайлы, қыстың күндері қар үйілгенімен, боран мен аяз сирек. Ал Бурабайдың басты шипасы –  ғажайып табиғаты, емдік сазы, минералды суы мен таулы орманның саф ауасында. 

Айта кетсек, үш жылда Jusan Bank қазақстандық ШОБ секторын 1 трлн теңгеге қаржыландырды. Соның арқасында елімізде 175 мың жаңа жұмыс орнын ашу мүмкін болды.