ЦентрКредит банкі тамызда мемлекетке қарызын толық жабады

ЦентрКредит банкі тамызда мемлекетке қарызын толық жабады

ЦентрКредит банкі тамыз айында 30 млрд теңге көлеміндегі қалған мемлекеттік көмекті қайтарады, деп хабарлайды KASE.

ЦентрКредит банкі директорлар кеңесі 2017 жылы сауықтыру бағдарламасы аясында шығарылған 30 млн облигацияның қалған бөлігін кері сатып алу туралы шешім қабылдады. KASE-де арнайы сауда-саттық 11 тамызда өтеді, ол «банктің бастамасымен мемлекеттік қаражатты қайтару аясында» жүргізіледі.

Осылайша, ЦКБ мемлекет алдындағы қарызын толық әрі мерзімінен бұрын өтеген екінші банк болмақ. Бірінші болып Halyk Bank өтеген еді.