Экономиканың негізгі секторларының серпінін көрсететін қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2024 жылдың соңындағы 6,2%-бен салыстырғанда қаңтарда 4,5%-ға дейін баяулады. Өнеркәсіптің басым бөлігінде бәсеңдеу байқалды. Halyk Finance мәліметінше, бәсеңдеудің негізгі себептері сауда өсімінің баяулауы, тау-кен секторындағы әлсіз көрсеткіштердің жалғасуы және инвестициялық белсенділіктің әлсіздігі.
2024 жылдың екінші жартысында мемлекеттік шығынның ұлғаюының әсері ұзаққа созылмады, тек сол жылы ғана экономиканың өсіміне вқпал етті.
Өсімнің негізгі драйвері рекордтық динамика көрсеткен көлік саласы болды. Қазақстан үкіметінің болжамы бойынша, 2025 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі экстенсивті экономикалық өсім мен фискалдық ынталандыру есебінен 5,6% болады.
«Біз 2025 жылы экономиканың өсімін 5,3% деңгейінде болжап отырмыз, бұл мұнай өндіруді жоспарлы ұлғайту, бюджеттік ынталандыру және ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы мүмкін болмақ», — деп жазады Halyk Finance.