Шілдеде заңды тұлғалардың депозиттері азайды, ал халықтікі өсті.
Ұлттық банктің дерегінше, шілде айында банктердегі заңды тұлғалардың депозиттері 250,9 млрд теңгеге қысқарып, 18,4 трлн теңгені құрады. Қаражаттың негізгі кетуі Kaspi (–207,2 млрд), Alatau City Bank (–32,4 млрд), Halyk Bank (–21,5 млрд) және Отбасы банк (–12,7 млрд) есебінен болды. Жалпы алғанда, 10 банкте компаниялардың салымдары азайды.
Сонымен қатар, жеке тұлғалардың депозиттері керісінше 465,6 млрд теңгеге артып, 25,9 трлн теңгеге жетті. Өсім дерлік барлық банктерде байқалды. Қаражат азаюы тек Bank of China Kazakhstan (–119,2 млн), ADCB (–1,6 млрд) және «Заман-Банк» (–3 млн) ұйымдарында тіркелді.
Халық салымдарының өсімі бойынша көшбасшылар – Kaspi (+135,7 млрд), ЦКБ (+95,2 млрд), Halyk Bank (+53 млрд) және ForteBank (+43,8 млрд).