Бизнестің банктегі депозиті азайып кетті

Бизнестің банктегі депозиті азайып кетті

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2025 жылғы наурызда негізінен шетел валютасындағы депозиттердің 2,8%, 9,4 трлн теңгеге дейін, оның ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуі аясында қайта бағалау нәтижесінде 0,1%, 40,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Теңгедегі депозиттер 0,8%, 31,1 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде 01.04.2025ж. жағдай бойынша депозиттерді долларландыру деңгейі бір ай бұрынғы 22,5%-дан аздап ұлғайып, 23,2%-ды құрады.

Заңды тұлғалардың депозиттері 2025 жылғы наурызда 0,6%, 18,2 трлн теңгеге дейін қысқарды, жеке тұлғалардың депозиттері – 0,6%, 22,3 трлн теңгеге дейін өсті.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2025 жылғы наурызда 15,0%-ды (2025 жылғы ақпанда– 14,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 13,6%-ды құрады (2025 жылғы ақпанда – 13,3%).