Бизнес суды аз тұтынып, көп төлей бастады

Бизнес суды аз тұтынып, көп төлей бастады

Қазақстанда сумен жабдықтауға сараланған тарифтерді енгізу су ресурстарын үнемдеуде айтарлықтай нәтижелерге әкелді, деп мәлімдеді үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев.

Оның айтуынша, жаңа жүйе тұтыну көлеміне қарай төрт деңгейлі тарифті қарастырады:

  • 3 м³-ге дейін — қолданыстағы тариф;
  • м³ -тен 5 м³-ге дейін — 20% қымбат;
  • 5-10 м³ — 50% қымбат,;
  • 10 м³-тен жоғары — 100% қымбат.

«Әлеуметтік тұтыну стандарттарын қолдану сараланған тарифтерге байланысты азаматтарды су ресурстарын үнемдеуге ынталандырады және кәсіпорындарға желілерді жөндеуге қосымша кіріс алуға мүмкіндік береді», — деді Дарбаев.

Жаңа тарифтерді енгізу нәтижесінде республика бойынша 61 табиғи монополия субъектісінде тариф өзгерді. Бұл 2024 жылдың соңына қарай қалаларда суды тұтынуды 8% қысқартуға және есепке алу құралдарын орнатуды 4% арттыруға ықпал етті. 1,6 млн м³ ск үнемделді, бұл Лисаков қаласының жылдық тұтынуына тең.

Су шаруашылығы кәсіпорындарының қосымша кірісі 10,7 млрд теңгеге жетіп, олардың табысының 6% өсуін қамтамасыз етті. Бұл қаражат желілер мен жабдықтарды жөндеуге, инфрақұрылымның тозуын азайтуға және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға жұмсалады.