2025 жылдың бірінші тоқсанында кәсіпкерлік субъектілері республикалық бюджетке 3,1 трлн теңгеден астам салық төледі, бұл жоспардан 2,8%немесе 84,6 млрд теңгеге артық. Бұл ҚР Қаржы министрлігінің мәліметінде айтылған.
Бұл соманың едәуір бөлігін салықтың екі түрі құрады. Біріншісі – ірі кәсіпорындардан алынатын корпоративтік табыс салығы (мұнайды қоспағанда) 1,019 млрд теңге кіріс әкелді, бұл жоспардан 4,1 пайызға артық.
Екінші негізгі көзі ҚҚС: 1,32 млрд теңге, бұл жоспардан 4,1% аз.