«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2025 жылғы 6 айдағы қаржы нәтижелерін жариялады.
- Түсім 4 трлн 239 млрд теңгемен салыстырғанда 4 трлн 500 млрд теңгеге жетті;
- EBITDA көрсеткіші 984 млрд теңгемен салыстырғанда 1 трлн 142 млрд теңгені құрады;
- Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесті қоса алғанда, компанияның таза пайдасы 550 млрд теңгемен салыстырғанда 534 млрд теңгені құрады;
- Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда 591 млрд теңгемен салыстырғанда 660 млрд теңгені құрады;
- Бос ақша ағымы 604 млрд теңгемен салыстырғанда, 682 млрд теңгені құрады;
- 2025 жылғы 30 маусымдағы Компанияның таза қарызы 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 1 трлн 163 млрд теңге деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 803 млрд теңге болды.