Биыл импорт та, экспорт та азайып барады

Биыл импорт та, экспорт та азайып барады

2025 жылғы қаңтарда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9 143,8 млн доллар болды.

2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда номиналды мәнде 10,3% азайды, оның ішінде экспорт – 5107,9 млн доллар (номиналды мәнде 13,6% аз).

Импорт – 4035,9 млн доллар (номиналды мәнде 5,8% аз).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен саудасы

2025 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 1763,2 млн долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 9,6% азайды.

2025 жылғы қаңтарда тауарлар экспорты 600,7 млн доллар (17,6% аз), импорт – 1162,5 млн доллар (4,9% аз) деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 90,1%, бұдан әрі Қырғыз Республикасына – 6,9%, Беларусь Республикасына – 2,9%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.

Қазақстан Республикасының экспорты бойынша тауарлардың негізгі үлес салмағы 2025 жылғы қаңтарда мынадай тауарларға тиесілі: шикі мұнай және битуминозды жыныстардан алынған шикі мұнай өнімдері (53,5%), тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (5,6%), ферроқорытпалар (3,1%), кендер және мыс концентраттары (2,7%), мұнай газдары және өзге де газ тәріздес көмірсутектер (2,2%).

Қазақстан Республикасының импорты бойынша ең көп үлес салмағы мынадай тауарларға тиесілі: телефон аппараттары (3,2%), моторлы көлік құралдарына арналған шанақ (3,1%), дәрілік заттар (3%), мұнай газдары және өзге де газ тәріздес көмірсутектер (2,7%), жеңіл автокөліктер (2,7%).

Қазақстан Республикасының экспорттағы негізгі әріптес елдері: Италия (28,1%), Қытай (14,7%), Ресей (9,8%), Франция (5,4%), Түркия (5,3%), Өзбекстан (4,8%).

Қазақстан Республикасының импорттағы негізгі әріптес елдері: Қытай (32,2%), Ресей (27%), Корея Республикасы (4,5%), Германия (3,3%), АҚШ (3%), Түркия (2,8%) болып табылады.