Биыл экономикалық өсім бәсеңдейді — Дүниежүзілік банк

Биыл экономикалық өсім бәсеңдейді — Дүниежүзілік банк

Дүниежүзілік банк Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемінің ұлғаюына қарамастан, 2025 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,7% өседі, деп болжайды

Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен (4,8%) және ҚР Үкіметінің 2025 жылға арналған болжамынан (5,6%) төмен, бұл ретте Тоқаевтың 6-7% өсуді қамтамасыз ету туралы тапсырмасы орындалмасы анық.

Жалпы, 2009 жылдан бері салық түсімдері азайып келе жатыр. Экономикалық өсуді ынталандыру үшін инфрақұрылымға мемлекеттік инвестицияларды ұлғайту қажет, деп атап өтті Дүниежүзілік банк баяндамасында.

Сонымен қатар, Қазақстан бюджетінің корпоративтік табыс салығына және ҚҚС-ға тәуелділігі бар – 2022 жылы жалпы салық түсімінің сәйкесінше 37% және 25%-ы осы екі салық түріне тиесілі, бұл ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштен екі есе жоғары – 16% және биліктің жеке табыс салығын жинауға көңіл бөле қоймайды (прогрессивті шкалаға көшу ұсынылып отыр). 

ДБ сарапшылары салықтық жеңілдіктердің тиімсіздігі мен бюджет пен салық реформасының баяу қарқынын да кемшілік ретінде көрсетіп отыр.