Салтанат Игенбекова – Halyk Finance Талдау орталығы
Экономиканың тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін негізгі капиталға инвестиция өсімінің (НКИ) қарқыны технологиялық жаңғырту және өнімділікті арттыру тұрғысынан маңызды.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылғы қаңтар-сәуірде НКИ өсу қарқыны жылдық 13,7% болды, бұл басқалармен қатар төмен базалық әсерге байланысты болды. Мемлекеттік шығындарды және жеке құрылыс компаниялар қаражатын есептемегенде, инвестиция бір жылда 2,6% азайды.
Бұл ретте өнеркәсіпке салынған инвестицияның бір жылда 2,5% төмендеуі байқалды.
Құрылыста 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы жоғары өсімнен (+63,3%) кейін -14,2% төмендеуі тіркелді.
Өнеркәсіптегі НКИ қарқынының бәсеңдеуі, ең алдымен, өнеркәсіптегі НКИ көлемінің жартысына жуығын (47,4%) құрайтын тау-кен өнеркәсібі секторына инвестицияның төмендеуіне байланысты.
Өңдеу өнеркәсібінде (+34,3%), ауыл шаруашылығында (+12,0%), жылжымайтын мүлікте (+12,2%), көлікте (+3,9%) және телекоммуникация секторында (+8,9%) инвестицияның оң өсімі байқалды.
Тау-кен өнеркәсібінде ірі мұнай жобаларының, бірінші кезекте Теңіз кенішіндегі болашақта іске асырылатын жобаның аяқталуына байланысты мұнай және газ өндіру секторында НКИ 35,9% төмендеуіне байланысты инвестиция көлемінің төмендеуі (-23,2%) жалғасуда.
Өңдеу өнеркәсібінде НКИ өсімі металлургия өндірісінде – 13,7% (өнеркәсіптің НКИ жалпы көлеміндегі үлесі 8,6%), химия өнімдерін өндіруде – 62% (6,0%), тамақ өнімдерінде – 26,0% (2,8%) және мұнай өнімдерінде – 2,5% (110,5%) байқалды.
2025 жылғы қаңтар-сәуірде инвестицияның өсуі негізінен ғимараттар мен құрылыстарды салуға инвестициялардың жылдық 27,6% артуы есебінен болды, бұл ретте жабдық құнының төмендеуі жалғасуда (-7,6%), бұл бір жағынан, шикізат секторында инвестициялық жобаларды жаңарту циклінің аяқталуын көрсетеді.
Шағын кәсіпорындарға жалпы инвестицияның 54,3%-ы тиесілі. Олардың салған ақшасы мемлекеттік қолдаудың артуының арқасында бір жылда 16,5% өсті. Есесіне ірі кәсіпорындар инвестициясы 3,9% азайды. Олардың үлесі 32,8%.
Мемлекеттік қаржыландырудың үлесі әлі жоғары (22,1%), оның НКИ құрылымындағы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе өсті, бұл кезде мемлекеттік бюджеттен инвестиция үлесі 10,0% құрады. Бұл ретте кәсіпорындардың меншікті қаражатының үлесі төмендеді – 2024 жылғы қаңтар-сәуірдегі 76,3%-дан биыл 66,2%-ға дейін.
Бюджет қаражатын есепке алмағанда, инвестиция 2,6% қысқарды, екінші жыл ішінде теріс динамика байқалды, бұл экономиканың ұзақ мерзімді тұрақты дамуы үшін қатерлі.