Білім саласына инвестиция бір жарым есе көбейді

Білім саласына инвестиция бір жарым есе көбейді

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, білім беру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция жыл басынан бергі 10 айда өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 47% өсіп, 257 млрд теңгені құрады. Соның ішінде:

  • жергілікті бюджеттен 167 млрд теңге; 
  • бизнестің меншікті қаражаты 54,7 млрд теңге;
  • республикалық бюджеттен 26,1 млрд теңге;
  • банк несиесі 6,5 млрд теңге;
  • өзге қаржы көздері 2,8 млрд теңге. 

Өңірлер бойынша: 

  • Алматы қаласына 71,3 млрд теңге; 
  • Түркістан облысына 35,7 млрд теңге;
  • Алматы облысына 26,2 млрд теңге; 
  • Шымкент қаласына 23 млрд теңге; 
  • Жетісу облысына 12,6 млрд теңге; 
  • Астана қаласына 10,1 млрд теңге; 
  • Жамбыл облысына 9,5 млрд теңге; 
  • Атырау облысына 8,8 млрд теңге; 
  • Павлодар облысына 8 млрд теңге; 
  • Солтүстік Қазақстан облысына 7,9 млрд теңге; 
  • Қостанай облысына 7,7 млрд теңге; 
  • Маңғыстау облысына 7 млрд теңге; 
  • Қызылорда облысына 6,6 млрд теңге; 
  • Ақмола облысына 5,9 млрд теңге;
  • Батыс Қазақстан облысына 5,6 млрд теңге; 
  • Абай облысына 3,9 млрд теңге; 
  • Шығыс Қазақстан облысына 3,7 млрд теңге; 
  • Ақтөбе облысына 1,7 млрд теңге; 
  • Қарағанды облысына 1,3 млрд теңге; 
  • Ұлытау облысына 0,5 млрд теңге бөлінген.