USDA 2025/26 маркетингтік жылында Қазақстанның астық эквивалентіндегі бидай мен ұн экспортының көлемін 8 млн тоннаға бағалайды. Бұл қазіргі маусымда күтілгеннен 2 млн тоннаға төмен.
Қазақстан астық одағы талдау бөлімінің басшысы Евгений Карабанов USDA есебіне қатысты пікірімен бөлісті. Ол Қазақстанның көршілес елдерінен астық пен ұн жеткізуге қосымша сұраныс пайда болып отырғанын атап өтті.
USDA болжамы бойынша, Ауғанстанға импорт 4,4 млн тоннаны (+0,2 млн тонна), Иранға – 2,5 млн тоннаны (+1,5 млн тонна), Иракқа – 3 млн тоннаны (+0,7 млн тонна), Пәкістанға – 2 млн тоннаны (+1,9 млн тонна), Түркияға – 7,5 млн тоннаны (+4 млн тонна) және Қытайға – 7,5 млн тоннаны (+2,7 млн тонна) құрайды. Евгений Карабановтың айтуынша, алдағы уақытта Түркия мен Қытайға импорттық болжам көбеюі мүмкін.
Сонымен қатар ірі бидай жеткізушілерінің экспорттық болжамдары да артып келеді. Ауғанстан нарығында қазақстандық экспорттаушылар ұн бойынша Өзбекстан және Ресей Федерациясымен, ал Иран нарығында Ресей Федерациясы, Украина және ЕО елдерімен бәсекелеседі. Ал Қытайға жеткізуді Ресей Федерациясы мен жетекші әлемдік экспорттаушылар жүзеге асырады. Бұл ретте Евгений Карабанов Қытай нарығына жемдік ұн жеткізудің артықшылықтарына назар аударады.
Жалпы, USDA 2025/26 жылы бидай өндірісін 808,521 млн тонна деңгейінде болжайды, бұл өткен маусымнан 8,8 млн тоннаға жоғары. Қытайдағы өндіріс өсімі 142 млн тоннаны (+1,9 млн тонна) құрайды деп күтілуде. Алайда Евгений Карабанов елдегі бидай өндірісінің 30%-дан астамын құрайтын Хэнань провинциясындағы құрғақшылықты ескере отырып, бұл бағаға күмәнмен қарайды.
ЕО елдеріндегі өндіріс 136 млн тонна (+13,9 млн тонна), Үндістанда - 117 млн тонна (+3,7 млн тонна), Ресейде - 83 млн тонна (+1,4 млн тонна), Канадада - 36 млн тонна (+1 млн тонна), Аргентинада - 20 млн тонна (+1,5 млн тонна), Ұлыбританияда - 13 млн тонна (1,5 млн тонна) деп болжануда.
Бұл ретте өндірістің төмендеуі Аутралияда – 31 млн тонна (-3,1 млн тонна), Пәкістанда – 28,5 млн тонна (-2,9 млн тонна), Украинада – 23 млн тонна (-0,4 млн тонна), Иранда – 14 млн тонна (-2 млн тонна), АҚШ-та – 52,3 млн тонна (-1 млн млн тонна) болады деп күтілуде.
Соңында Евгений Карабанов Қазақстанда егіс науқаны енді ғана басталғанын, Қазақстанда да, басқа елдерде де болашақ егінге қатысты болжамдар әлі де қайта қаралатынын атап өтті.