Банк секторының активтері 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, негізінен банктердің несие портфелінің 1,5%, 37,2 трлн теңгеге өсуі есебінен биыл сәуірде 1,0%, (2025 жылдың басынан бері 1,7% өсім) ұлғайып, 62,6 трлн теңгені құрады.
Банк секторының міндеттемелері 2025 жылғы сәуірде негізінен клиенттер салымдарының ұлғаюы есебінен 1,8%, 53,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Банк секторы міндеттемелерінің құрылымында клиенттердің салымдары басым түседі – 80,3% немесе 43,0 трлн теңге.
Банктердің меншікті капиталы 2025 жылғы сәуірде негізінен жекелеген банктердің дивидендтер төлеуіне байланысты өткен жылдардағы бөлінбеген таза пайданың азаюы нәтижесінде 3,3%, 9,0 трлн теңгеге дейін азайды (2025 жылдың басынан бері 1,6% өсті). 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,5%-ды (01.01.2025ж. – 20,4%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 21,0%-ды (01.01.2025ж. – 22,0%) құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2025 жылғы қаңтар-наурызда банктердің таза пайдасы 905 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,5% көп. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 4,5%-ды (01.04.2025ж. жағдай бойынша – 4,6%), капитал рентабельділігі (ROE) 31,6%-ды (01.04.2025ж. жағдай бойынша – 31,8%) құрады.