2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен несие портфельдің 39,8 трлн теңгеге дейін 1,9% өсуі есебінен биыл шілдеде 0,4% ұлғайып, 256 млрд теңгені құрады (2025 жылдың басынан 5,7% немесе 3,5 трлн теңгеге өсті).
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 19,1 трлн теңгені немесе активтердің 29,4%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Банк секторының міндеттемелері 2025 жылғы шілдеде негізінен жеке тұлғалардың салымдарының 1,8%, 25,9 трлн теңгеге дейін өсуі және репо операцияларының 1,1%, 2,0 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 0,2%, 55,6 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 5,6% өсім) ұлғайды.
Банктердің меншікті капиталы 2025 жылғы шілдеде негізінен биыл бөлінбеген таза пайдасының ұлғаюы нәтижесінде 1,6%, 9,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 6,8% өсті). 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,4%-ды (01.01.2025ж. – 20,4%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) - 20,8%-ды (01.01.2025ж. – 22,0%) құрады.
2025 жылғы қаңтар-шілдеде банктердің таза пайдасы 1 641 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,2% артық. Банк активтерінің рентабельділігі (RОА) 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 5,0%-ды (01.07.2025ж. – 4,6%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 34,6%-ды (01.07.2025ж. – 31,7%) құрады.