2024 жылғы қарашада депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері негізінен шетел валютасында депозиттердің 10,0% немесе 807 млрд теңгеге 8,9 трлн теңгеге дейін, оның ішінде ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты 4,7% әлсіреуі аясында қайта бағалау есебінен 1,8%, 38,6 трлн теңгеге ұлғайды. Ұлттық валютада депозиттер 0,4% немесе 115 млрд теңгеге 29,7 трлн теңгеге дейін азайды. Депозиттерді долларландыру деңгейі 01.12.2024 ж. бір ай бұрынғы 21,3%-дан ұлғайып, 23,0%-ды құрады (2024 жылдың басында – 23,2%).
Заңды тұлғалардың депозиттері 2024 жылғы қарашада негізінен шетел валютадасындағы депозиттердің 11,8%, 4,6 трлн теңгеге дейін ұлғаюы нәтижесінде 6,7%, 17,3 трлн теңгеге жетті. Жеке тұлғалардың депозиттері 1,7% ұлғайып 21,3 трлн теңгеге дейін өсті.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2024 жылғы қарашада 13,1% деңгейінде сақталды, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – бір ай бұрынғы 13,3%-дан 13,2%-ға дейін төмендеді.