Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2025 жылғы ақпанда негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 31,3 трлн теңгеге дейін 0,3% немесе 89 млрд теңгеге артуы нәтижесінде 0,1%, 40,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Валюталық депозиттер 0,5% немесе 42 млрд теңгеге 9,1 млрд теңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі 01.03.2025 ж. жағдай бойынша бір ай бұрынғы 22,7%-дан сәл төмендеп, 22,5%-ды құрады,.
Заңды тұлғалардың депозиттері 2025 жылғы ақпанда 0,1%, 18,3 трлн теңгеге, жеке тұлғалардың депозиттері 0,1%, 22,2 трлн теңгеге дейін өсті.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы ақпанда 14,2%-ды (2025 жылғы қаңтарда – 14,1%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 13,3%-ды (2025 жылғы қаңтарда – 13,5%) құрады.