Банктер жыл басынан бері 1,4 трлн теңге таза пайда тапты

Банктер жыл басынан бері 1,4 трлн теңге таза пайда тапты

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, банк секторының активтері негізінен банктердің несие портфелінің 39,1 трлн теңгеге дейін 3,3% өсуі есебінен биыл маусымда 2,3% ұлғайып, 64,8 млрд теңге құрады (2025 жылдың басынан 5,3% өскен).

Банк секторының міндеттемелері 2025 жылғы маусымда негізінен клиенттердің салымдарын 1,6% және айналысқа шығарылған бағалы қағаздарды 8,5% ұлғайту есебінен 2,2% 55,5 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 5,4% өскен) ұлғайды. Банк секторы міндеттемелерінің құрылымында клиенттердің салымдары басым – 79,5% немесе 44,1 трлн теңге.

Банктердің меншікті капиталы 2025 жылғы маусымда негізінен бөлінбеген таза пайданың ұлғаюы нәтижесінде 2,9%, 9,3 трлн теңгеге дейін өсті (2025 жылдың басынан бастап 5,1% өскен).

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,5%-ды (01.01.2025ж. – 20,4%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,0%-ды (01.01.2025ж. – 22,0%) құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

2025 жылғы қаңтар-маусымда банктердің таза пайдасы 1,4 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,2% артық. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банк активтерінің рентабельділігі (Roa) 4,6%-ды (01.06.2025ж. – 4,6%), капиталдың рентабельділігі (Roe) – 31,7%-ды (01.06.2025ж. – 31,6%) құрады.