Банк активтерінің 21,2%-ы ғана бизнеске берілген несие

Банк активтерінің 21,2%-ы ғана бизнеске берілген несие

Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың нақты секторын екінші деңгейлі банктердің қаржыландыруын ұлғайту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Үкіметтің бизнесті басымдық бере қаржыландыруға банктердің қатысуын ынталандыру бойынша жаңа тәсілдері қаралды.

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ЕДБ активтерінің тек 21,2%-ы бизнесті несиелендіруге тиесілі, 16,5%-дан астамы кепілсіз тұтынушылық несиелерді құрайтынын, өтімділігі жоғары активтердің үлесі 29,6%-ға дейін өскенін баяндады.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы Елена Бахмутованың айтуынша,  2024 жылы бизнес-қарыз алушылардың жалпы саны 441-ден 532 мыңға дейін өсті. Банк секторы жылдың бірінші айында 1,1 трлн теңге жаңа несие берді.