Бәйтерек холдингі 2022 жылы 380,6 млрд теңге таза пайда тапты

Бәйтерек холдингі 2022 жылы 380,6 млрд теңге таза пайда тапты

Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі 2022 жылға шоғырландырылған қаржылық есебін жариялады.

2022 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес:

  • Меншікті капитал 2021 жылғы 1,7 трлн теңгеден 2022 жылы 2,1 трлн теңгеге;
  • Жиынтық актив 9,9 трлн теңгеден 12,2 трлн теңгеге;
  • Жиынтық міндеттемелер 8,2 трлн теңгеден 10,1 трлн теңгеге;
  • Таза пайда 110,2 млрд теңгеден 380,6 млрд теңгеге дейін өсті.