Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады.
Мемлекет басшысына холдингтің былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, биылғы жоспары таныстырылды.
- Холдинг тарапынан 6 трлн теңгеге жуық қолдау көрсетілген;
- Оның 4,1 трлн теңгесі ірі, орта және шағын бизнесті қолдауға,
- 1,9 трлн теңгесі тұрғын үй-құрылыс секторына бағытталған;
- Холдинг активтері 14,1 трлн теңгеге жеткен;
- Инвестициялық және несие портфелі 10,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған;
- Таза табыс 416 млрд теңгені құрады.