Автокөлік өндірісі азайып кетті

Автокөлік өндірісі азайып кетті

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қаңтарда барлық түрдегі және үлгідегі 9606 автокөлік құралы шығарылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 15,6% аз. Нақтырақ айтсақ, жеңіл автокөліктер бойынша төмендеу 13,2% — 8 929 болды.

Қазақстандық автомобильдер одағының мәліметінше, қаңтарда автокөлік өндірісі бойынша көшбасшы Hyundai Trans Қазақстан зауыты болды — 4 875.

Қостанайдағы Allur бір жыл бұрынғыдан 32,6% аз көлік құрастырып, 4 180 автокөлік нәтижесімен екінші орынға шықты.

Нәтижесінде JAC бренді өндірістегі жетекші 5 көшбасшының қатарынан шығып қалды, бірақ Jetour үздіктер қатарында қалды — Hyundai (4 796) және Chevrolet-тен (1 315) кейін үшінші орында. Jetour-да 1225 көлік.

Модельдік рейтингте Jetour X70 кроссовері үздік 5 ішінде — 625. Тек Hyundai Tucson (1835 дана), Chevrolet Cobalt (1308 дана) және Hyundai Mufasa (1051 дана) одан көбірек өндірді.