Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдаланғаны үшін төлемақы көтеріледі
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдаланған жағдайда жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі 100 есеге дейін көтеріледі. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемелері ұлғайтылады.
Салық тәуекелдерін басқару моделін, камералдық бақылауды, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу кезіндегі тәсілдерді қайта қарау, қосылған құн салығын әкімшілендіру, сондай-ақ жоспарлы тексерулерден бас тарту да көзделген.