Әуе компанияларының табысы рекорд орнатты

Әуе компанияларының табысы рекорд орнатты

Статистика бюросы дерегінше, 2023 жылдың шілдесінде әуе көлігі кәсіпорындарының кірісі 80,5 млрд теңгені құрады. Бұған дейін ең көп табыс 2022 жылдың тамызында 73,6 млрд теңге болған.

Биыл 7 айда компаниялардың жиынтық табысы өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 276,8 млрд теңгеден асып, 418,1 млрд теңгеге жетті.

Табыстың көбею себебі – жолаушылар ағынының артуы (әуе компанияларына негізгі кірісті жүк емес, адамдар әкеледі). 2023 жылғы қаңтар-шілде әуе кемелерімен тасымалданған жолаушылар саны 7,3 млн адамды құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 26,1% артық. Сонымен қатар, шілде айы мұнда да рекорд болды – 1 384,9 мың жолаушы.

Екінші себеп – бағаның өсуі. Әуе көлігі қызметтері 2023 жылдың басынан бері 48,4% қымбаттады. Бұл тұрғыда ақпан (+21,5%) мен сәуір (+17,7%) ерекше таң қалдырды. Нақтырақ айтсақ, шілде айында қызмет құны 4% өскен.